Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің архитектурасы мен құрылымы

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — әдетте діни кешендерде жеке-дара болып тұратын кесене, мешіт, ханака медресе құрылыстарын сәулетшілер бір ғимаратқа біріктіре білген аса ірі кешен. Оның құрамында аумағы әртүрлі 34 бөлмесі бар. Оңтүстіктен шығысқа қарай бір жіпке тізілгендей алып портал, орталық залы — Қазандық және әулие Қабірханасы орналасқан.

Орталық залға және Қабірханаға бүйірінен шығыс пен батыстан бөлмелер қосылған. Орталық залдың бұрыштарынан ғимаратты сегіз бөлікке бөлетін екі қабатты сегіз дәліз жапсырылған.

Ғимараттың жалпы ауданы 65,5 х 46,5 м. Жеке-дара құрылыстардың орнына зәулім тұтас бір ғимараттың тұрғызылуы өз заманында сәулет өнерінің дамуында айтулы қадам болды.

Сәулеттік кешен-кесененің бас (оңтүстік) кіреберісі орналасқан маңдай беті — пештақ салтанатты портал үлгісінде сомдалған және ол ғимараттың басқа бөлігінен 20 м жоғары етіп жасалған. Бас портал ойығының ені 18,2 м.

Алдыңғы ақпарат

Қазандық бөлмесі және Тайқазан

Келесі ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи