Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы және «Диуани хикмет» жинағы

Бүгін Түркістан қаласындағы Т. Бигелдинов, Н.Төреқұлов, Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектептерінде «Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы және Диуани хикмет жинағы» атты лекция өтті.

Таным мен тәрбиеге бағытталған шараны Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық — музейі ұйымдастырды.

Адам баласын адал еңбекке, ата мен ана, туысты қадірлеп, ізгілікті тәрбиеге шақыратын, терең білімге жол сілтейтін «Диуани хикмет» кітабы мен ақын бейнесін дәріптеп, жас ұрпаққа тұлғалар жайлы ақпарат беруді мақсат еткен дәрісті қорық-музейдің экскурсоводтары Ардақ Бейсенова, Гаухар Жүзбаева жүргізді.

Алдыңғы ақпарат

Музей қорындағы мата бұйымдарын зерттеу, сақтау жұмыстары бойынша семинар өтті

Келесі ақпарат

Бақытжан Берікбайұлы Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді