• 08 Желтоқсан 2019

Бақытжан Берікбайұлы Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық — музейіне арнайы іссапармен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Бақытжан Берікбайұлы Темірболат келді.

Бақытжан Берікбайұлы Түркістандағы сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішінде және сыртқы аумағында атқарылып жатқан қайта жаңарту, үлкен Ақсарай бөлмесін хандар ордасына сәйкес музейлендіру жұмыстары мен ортағасырлық Күлтөбе қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарымен танысты.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы және «Диуани хикмет» жинағы

Келесі ақпарат

Гауһар ана кесенесі жанында боз арша егілді