Қолжазба «Аль фикх-уль Акбар»

Қолжазба  «Аль фикх-уль Акбар» – (Ең терең 6ілім).  Авторы – Ислам ғұламасы, Имам Ағзам Абу Ханифа. Қолжазба 1252хж.(1836-37жж) көшірілген. Кітаптың өлшемі: 263х150мм.    Текстің өлшемі: 146х56мм. Шығыс парағы қолданылған. Настағлик үлгісімен жазылған. Тақырыбы қызыл киноварьмен, тексті қара сиямен жазылған. Түптеуші Мулла Мұхаммед Ғалим саххаф, 1254хж.(1838-39жж.) түптелген. Өрнектелмеген. Көркем жазылған. Кітап ақайыд–құдайтану ілімі туралы. Тақырыбы – «Таухид» Алланың барлығын, бір екендігін көрсетеді. Ол ұлы және барлығына күші жетуші.

Пайғамбарлар–Құдайдың үкімін жеткізуші үлгі етуші, оның ішінде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сөзі мен үлгісі барлық адам баласына жетерлік.  Ол кісіден кейінгі ең сүйікті болуы тиіс Оның сахабалары болды. Дүние — ахыреттегі барлық нәрсе Аллаһ Тағаланың қалауымен болады. Адам баласының иманмен  туылатындығы, оған Алланың жәрдемі болатыны айтылған.  Иманы бар, бірақ күнә жасаған адамның қалай болатындығы, дүниеде жасаған істерінің қиямет күнінде таразыға тартылатындығы, амал дәптерінде жазылған әрекеттері оқылатындығы айтылған. Шайтан адамға  дұшпан, ол адамның иманын ұрлайтындығы және тура жолда жүрген адамдарға  шамасы келмейтіндігі көрсетілген. Жәннәт пен Тозақтың  бар екені ақиқат, жәннәтта  рахат ал тозақта азап бар.

Ақыретте Иса пайғамбар көктен түседі. Ақырзаман жақындағанда Дәжжал өзін Құдаймын деп жариялап түрлі сиқырлар көрсетеді. Сол уақытта Аллаһ көктен Иса пайғамбарды (с.а.у) түсіреді. Иса жер бетіне түскен соң, Мұхаммед (с.а.у) пайғамбардың дінімен жүріп, Исламды жаю үшін күреседі. Иса (с.а.у) Дәжжалді өлтіріп, адамдар арасында әділдік орнатады.

Алдыңғы ақпарат

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН

Келесі ақпарат

Әмір Темір сыйға тартқан лауха