«МУЗЕЙГЕ ЖОЛ» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Түркістан қаласы әкімдігі, Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімі бірлесіп, «Музейге жол» шарасын бастағандығы жөнінде бұған дейін айтқан болатынбыз.
Бүгін қаламыздағы Е.Изатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің 7-8 сыныбының 120 оқушысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Рәбия Сұлтанбегім кесенесі, Есім хан, Тәуке хан, Жұма мешіті, Қылует жерасты мешіті музейі, Шығыс моншасы музейі, Түркістан тарихы музейінің экспозициясымен танысты. Экскурсия соңында мектеп оқушыларына «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» тақырыбында жарық көрген кітапшалар таратылды. Оқушыларды бастап келген Е.Изатуллаев атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары музей әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Берік Байболов, ғылыми зерттеу бөлімінің басшысы.
Алдыңғы ақпарат

«КӨҢІЛДЕРДІҢ АЙНАСЫ»

Келесі ақпарат

Үкіметте Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді