Кітап. Көне баспа. «Мифтаһ» деп аталады. Турки тілінде жазылған. 174 беттен тұрады.
Бұл кітапта ақырет күнінің жағдайы берілген. Адам бұл өмірден өткен соң о дүниеге барады, онда адамның екі жағына екі періште Мункар мен Накир келіп сұрақ сұрайды. Бірінші сені кім жаратты?, екінші дінің не?, үшінші кітабың не?, төртінші кімнің үмметісің? (қауымынансың), бесінші пайғамбарың кім? және т.б.
Мұнан кейін сират көпірінің жағдайы басталады. «Сират көпірі» дегеніміз Алла Тағаланың бұйрығымен тозақтың үстіне құрылатын көпір. Ахырет күнінде барлық адамға осы көпірден өту бұйырылады. Ол күні барлық пайғамбарлар: «Ей Раббым! Амандық бер!» деп жалбарынады. Жұмаққа баратындар көпірден оңай өтеді. Кейбірі найзағайдай, кейбірі желдей, кейбірі аттай тез өтеді. Сират көпірі қылдан жіңішке, қылыштан өткір. Бұл дүниеде Ислам дінін ұстанғандар, қиыншылыққа сабыр еткендер осы көпірден оңай өтеді. Ислам дінімен жүрмегендер сираттан өте алмай тозаққа түседі» (Мәуләнә Халид Бағдади) жеткізген. Бұл жайлы Хазіреті Мұхаммед (с.а.у) пайғамбарымыз өз хадисінде «Қиямет күні мен мұсылман құлдарыма шапағат етемін» деген. Егерде «Кімде-кім Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур расулаллаһ» десе (яғни Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі деп куәлік берсе) ол Мұса (с.а.у) пайғамбар қауымынан әлдекімді құтқарған болады. Мұнымен қатар бұл куәлік сөзді айтқан адамның күнәсі кешіріліп мағфират етіледі, яғни кешіріледі деген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) кімде-кім «Лә хәулә уа лә қуәтә иллә билләһ» (Алладан өзге күш пен қуат жоқ, барлық күш қуат Аллаға тән) деп айтса, Аллаһ Тағала ол кісінің кіші және үлкен күнәларын мағфират етеді деген. Аллаһты зікір етудің әуелгісі субханаллаһ (Алла кемшіліктен пәк), екіншісі әлхамдулиллаһ (Алла Тағалаға мақтау болсын) және Аллаһу акбар (Алла ұлық). Тағы бір хадисінде: Қиямет күні пенделер бірінші кезекте намаздан сұралады, егер намазы толық болса онда тозақтан құтылады деген. Кімде-кім бес уақыт намазды жамағат (көпшілік) пен оқитын болса Аллаһ Тағала 1000 шаһидтің сауабын амал дәптеріне жазып қоятындығы айтылған.
Кітапты өткізуші: Түркістан қаласының тұрғыны: Керімбеков, 1999 жыл.