Бахыт Камалқызының қолынан арнайы сертификат алды.

Кез келген музейдің бетке ұстар тұлғасы — экскурсовод. Осыған орай «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы экскурсоводтардың білімін жетілдіруді мақсатты түрде қолға алып отыр. Музей-қорық ұйымдастырған “Экскурсовод — музейдің мәдени білім беру қызметінің негізгі тұлғасы” атты бір аптаға жоспарланған семинар соның айғағы. Семинар соңында музей-қорық экскурсоводтары емтихан тапсырып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет және туризм қайраткері, Қазақ спорт және туризм академиясы Туризм ғылыми-зерттеу институтының жетекші сарапшы-әдіскері, ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұра жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі, «Батыс Европа – Батыс Қытай мега-жобасының сарапшысы Оразымбетова Бахыт Камалқызының қолынан арнайы сертификат алды.

Алдыңғы ақпарат

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі ақпарат

«Мифтаһ»