«Мактубат имам аль-Раббани»

Кітап. Көне баспа. «Мактубат имам ал-Раббани». 1909 жылы Ташкентте басылған. Өлшемі: 22х34 см. Араб тілінде. Имам аль Раббанидің кітабы. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у) хадистерінде өзінен кейін мұсылман үмбетіне (қауым) әр ғасырда бір ірі дін ғұламасы (мүжәддид) келетінін білдірген. XIV ғасырда Имам Раббани атты тасаууф (сопылық) ілімінің көрнекті өкілі Ахмед ибн Абдулахад ибн Зәйнәлабидин өмірге келген.

Бұл кісі Үндістаннан шыққан ең үлкен әулие және ғалым болған. «Раббани» есімінің берілуі – хикмет иесі, ілімі мен амал еткен, амалы толық ғұлама деген  мағынаны білдіреді. Имам Раббани өз кезеңінде әртүрлі бұрма діндер мен бұзылған ағымдармен күрескен. Исламның о бастағы тұнық күйін қалпына келтіруге көп күш жұмсаған. Ел ішін жайлаған негізсіз сенімдер мен қоғамдағы қайшылықтар мен күресіп, Үндістанның барлық жеріне ислам дінінің таралуына өз септігін тигізген. Өмір бойы рухани — ағартумен шұғылданған. Барлық адамның көңілін ілім мен нұрға толтырып, Мұхаммед (с.а.у) нің дінін жандандырып қуаттандырған.

«Раббани» көптеген еңбектер жазып қалдырған. Біздегі еңбегі «Мактубат» (мағынасы  хат) деп аталады. Ғалым бұл еңбекте өзінің ойын былайша жеткізеді: парыз бен нәпіл амалдар (қосымша амалдар) бұл Алланың сүйген істері. Аллаға мінәжат (құлшылық) қылудан артық нәрсе жоқ деген.  Бұл еңбегі сопылық туралы. Мұнан соң ғалымдарға, патшаларға, уәләят басшыларына көптеген хаттар жіберіп дінге, сүннетке ынталандырып, көптеген ғұламалар мен әулиелерді жетілдірген. Мысалы: Мұхаммед Саид деген кісіге ғылымның ақлия (ақыл арқылы) және нақлия (Құран мен сүннет) арқылы болатындығы туралы хат жазған. Хазірет Ишан Ғулам Мұхаммедке садақа берудің, салауат айтудың пайдасы туралы хат жолдаған. Шайх Абдулхамидке әдеп және тағылым туралы хат жолдаған. Еңбегінің бір ерекшелігі тасаууф жолында өзінің тәжірибелері мен көз жеткізгендерін баяндап отырған. Сондай-ақ сопылық жолдың ең биік рухани мәртебелерінің бірі «Уахдатул ужудқа» жеткенін, одан асып зыллияға, тіпті абдия дәрежесіне дейін биіктегенін айтып өткен.

Кітапты өткізуші: Өзбекстан Республикасы, Ферғана облысы, Марғұлан қаласы, Сұлтанов көшесі № 50 үй тұрғыны Ахрарова Муборокхон.

Алдыңғы ақпарат

Мәдениет, архив және баспа ісі мәселелері бойынша алқа отырысы: 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспарлар туралы

Келесі ақпарат

ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ МУЗЕЙ КӨРМЕСІМЕН АШЫЛДЫ