ТАРИХ АПТАЛЫҒЫ МУЗЕЙ КӨРМЕСІМЕН АШЫЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Аша елді мекеніндегі Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебі мен Шорнақ жалпы орта мектебінде көрме өткізді.
Көрме аталған білім ошақтарындағы тарих апталығы аясында ұйымдастырылып, оған 1000-нан аса оқушылар мен ұстаздар қатысты.
Көрмеге музейдің құнды жәдігерлері алып барылып, оқушыларға, сонымен қатар мұғалімдерге көрсетіліп қана қомай, оның тарихы, маңыздылығы жайлы лекциялар да айтылып, тыңдармандар құнды деректермен сусынданды. Көрменің мақсаты — бұқара халықты, жас жеткіншектерді біздің музейдің қорындағы құнды жәдігерлермен таныстыру, осы арқылы олардың патриотттық сезімдері мен мәдениетімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Көрмені ғылыми қызметкер Талғат Оразов пен кіші ғылыми қызметкер Байсеит Сұлтан жүргізді.
Алдыңғы ақпарат

«Мактубат имам аль-Раббани»

Келесі ақпарат

Мектепте көшпелі көрме ұйымдастырылды