Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алматы және Түркістан облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жиын өткізді

Асхат Оралов Алматы және Түркістан облыстарына жұмыс сапары кезінде мәдениет саласының қызметкерлері мен өңір халқы көтерген мәселелерді шешу жөнінде жиын өткізді. Мәдениет және спорт министрі өңірлердегі бірнеше театр мен өнер ұжымдарына маман дайындайтын жоғары оқу орындарына барды. Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры мен Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының ұжымымен, жастар және мәдениет саласының майталмандарының қатысуымен түйінді мәселелерді талқылады.
«Жасыратыны жоқ, қордаланған мәселелер бар. Оны жүйелі түрде шешуіміз керек. Кездесуде мәдениет ғимараттарын жөндеуден өткізу туралы айтылды. Бірде театрлардың біріне шет елден қонақтар келеді. Сол жерде шатырдың бір бөлігі опырылып түскен. Ал актерлер қонақтардың алдында бұл осылай ойластырылғандай ойын көрсетуге тура келген. Кездесуде 60-70 жастағы ардагерлеріміз отырды. Бұл олар үшін қандай қиын екенін елестетіп көріңіз. Олар өздерінің жанайқайын айтты. Дегенмен олар оны қаншалықты сабырлы қалыппен және парасатты түрде жеткізді. Мен осы тұрғыда ұлттың қаймағы мен зиялы қауымға ерекше риза болдым. Олар қандай жағдайға тап болса да оны мәдени түрде және дұрыс айтып отыр. Көтерілген мәселелер мен айтылған барлық сұрақтарды бақылауға алдым. Бұл сұрақтарды біз бірлесіп пысықтап, әріптестерімізбен ақылдасып, тез арада шешу жолдарын ұсынуымыз керек»,- деді Асхат Оралов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін министр Алматы қаласының шығармашылық оқу орындарына барған болатын. Сапар қорытындысы бойынша биыл музыкалық аспаптар сатып алуға, педагогтерге қосымша төлемдерге және балаларды тегін тамақтандыруға Республикалық эстрада-цирк колледжіне қосымша 68 млн теңге, Күләш Байсейітова атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 258 млн теңге, Ахмет Жұбанов атындағы мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 161 млн теңге бөлінетін болды.
Алдыңғы ақпарат

Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының отырысы өтті

Келесі ақпарат

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келіп, бабалар рухына тағзым етті