Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келіп, бабалар рухына тағзым етті

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне белгілі спортшы, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов келіп, бабалар рухына тағзым етті. Музей директоры Мәулен Садықбеков спортшыға кесенеде қазақтың біртуар хан-сұлтандары мен би, батырларының жерленгендігі және олардың тарихтағы рөлі туралы айтып берді.
«Өзіңіз көріп, білгендей кесенеде көптеген батыр бабаларымыз жерленген. Сіз жекпе-жекке шыққан сәттеріңізде өзіңізді солар секілді батыр сезінесіз бе?» деген сұрағымызға: «Мен өзімді дәл солардай батырмын деп ойламаймын, олардың деңгейіне жету үшін маған әлі көп тер төгу керек. Алайда мен үнемі батыр бабаларымызды мақтан етіп жүремін. Өзімді батырмын деп айтуым жөнсіз болар. Елім мені «батыр» деп есептесе батырмын, батыр емес десе батыр емеспін. Елдің сенімі мен жылы сөзі ғой бізді өсіретін» деп, жауап берді Ш.Рахмонов.
Спорттық мансабында бір де бір рет жеңіліп көрмеген батырымызға бүгінгі жасаған зияраты қабыл болып, әулие-бабаларымыз колдап, көк туымызды желбіретіп жүре бер демекпіз.
Алдыңғы ақпарат

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Алматы және Түркістан облыстарына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жиын өткізді

Келесі ақпарат

«Ясауитану-2023» байқауы мәреге жетті