КЕСЕНЕНІҢ САҚТАЛУЫ

Биыл 24-25 маусым күндері «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталу жағдайы» бойынша халықаралық семинар-кеңес өткізу жоспарланып отыр. Осы халықаралық шараға дайындық мәселелері бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында өткен Ғылыми кеңес отырысында қаралды. Кеңесте сонымен қатар Кесененің «Үлкен Ақсарай» бөлмесінің экспозициясы мен Қылует жер асты мешітін музейлендіру, күз айларына жоспарланып отырған Ясауи мұрасына қатысты халықаралық конференция, «Ясауитану-2022» республикалық байқауына дайындық жұмыстары талқыланды.

Алдыңғы ақпарат

«БАЛҒЫН БАЛАЛЫҚ – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»

Келесі ақпарат

«Мемлекеттік рәміздер – ел бірлігінің нышаны»