«БАЛҒЫН БАЛАЛЫҚ – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»

1 маусым — балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Балғын балалық – біздің болшағымыз» аты мәдени көпшілік шара ұйымдастырды. Шара аясында «Қазақстан балалар көзімен» атты көрменің таныстырылымы өтті. Көрме экспозицясына балардың қолмен салған суреттері, қолөнер бұйымдары қойылды. Мәдени шараға Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебі, Әдия балабақшасының тәрбиеленушілері, Тілінде ауыр кемістігі бар мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Мәдени шараға қатысушы балаларға музей-қорықтың директоры М.Садықбеков алғысын білдіріп, мерекелерімен құттықтады. Іс шараға келген оқушылар да өз өнерлерін ортаға салды. Өнерлі оқушыларға алғыс хаттар мен сый-сияпаттар және тәттілер таратылды.
Мәдени көпшілік шараға келген балалар әдемі көңіл күймен тарқасты.
Алдыңғы ақпарат

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі ақпарат

КЕСЕНЕНІҢ САҚТАЛУЫ