Әйелдер қауымына арнайы сый-сияпат табысталды

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер мейрамына орай жиналыс болып өтті. Музей директоры М.Садықбеков ақжаулықты аналар, аяулы қыз-келіншектер қауымын мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін арнады.
Айтулы мерекеге орай бір топ қызметкерлер қала әкімінің және музей директорының алғыс хаттарымен марапатталды. Атап айтқанда, Егеубаева Әшіркүл, Жаңатаева Меруерт, Арынова Динара, Байсақалова Ақкенже, Байменова Ақшолпан қала әкімі Н.Тұрашбековтың алғыс хатымен, ал Көпеева Меруерт, Таңатарова Гүлжан, Батталова Аида, Айдарбекова Гүлжанат музей-қорық директоры М.Садықбековтың алғыс хатымен марапатталды.
Жиын соңында музейде қызмет ететін барлық әйелдер қауымына арнайы сый-сияпат табысталды.
Алдыңғы ақпарат

2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 17 тарихи ескерткіш қалпына келтірілді

Келесі ақпарат

БЕРЕЛ ҚАЗЫНАЛАРЫ