АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Қарттары бар ел — бақытты ел, байыпты ел. Үлкенді сыйлау оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Қарттарымыздың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі, тәлім-тағылымдары өскелең ұрпақ үшін орны бөлек.
«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым — асыл қазынам» атты мәдени-көпшілік іс шара ұйымдастырды.
Қалалық арадегерлер ұйымының қариялары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келіп, бабалар рухына тағзым жасап, тақырыптық шолу экскурсия тыңдады.
Ардагерлер музей-қорық жайған дастарханнан дәм татып, музей директоры М.Садықбековтің алғыс хатымен марапатталды. Музей директорының орынбасары М.Тастанбеков ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына жеміс тілеп, директордың алғыс хатын тапсырды. Марапат иелері: ардагерлер ұйымының төрағасы Ж.Құлбайымбетов, төраға орынбасарлары Б.Шірікбаев, Б.Бейсембаев, мүшелері: Ш.Исмолдаев, Ө.Қуанышбаев, Х.Файзиев, Е.Нұржанов, А.Керімбеков, Р.Қалымбетов, Т.Байболов, К.Мәрсәлиев, А.Абдуллаев, А.Ибрагимов, Е.Байтілесов, М.Атамбаев, Қ.Өтегенов, С.Бабаев, Б.Оразов.
Алдыңғы ақпарат

ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.

Келесі ақпарат

Бахыт Камалқызының қолынан арнайы сертификат алды.