ҚАЙНАР КҮШЕК СҰЛТАН ОНДАН СҰЛТАН ҰЛЫ

Туылған жылы белгісіз, шамамен 1598 жылдың екінші жартысында қайтыс болған. Ондан сұлтанның екінші бәйбішесі Сүйім ханымнан туылған. Тәуекел хан тұсындағы беделді сұлтандардың бірі. Олай деуге себеп «Қазақтың ата заңдары» атты еңбекте «Бұл кездегі Қазақ Ордасындағы билігі зор, ең беделді сұлтандар – Шах-Мұхамед пен Көшек. 1598 жылғы хан сайлауда Шах-Мұхамед жоқ, Ал Көшектен Есімнің жолы үлкен» (https:// qamba.info/site/book/online/qazaqtyng-ata-zangdary) – деп жазады. Есімнің 1598 жылы хан сайланғанын ескерер болсақ, Көшек сұлтанның Тәуекел хан тұсында беделі де, билігі де жоғары болғанын көреміз. Күшек сұлтан ағасы Есім ханның да жорықтарына белсене қатысып, қол бастаған. М.Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде «Есімнің өзі бастаған, інісі Күшек сұлтан бастаған қазақ жасақтары Шығыс Түркістандағы соғыс қимылдарына белсене кіріседі» (Мағауин, 1995: 47) – деуі Күшек сұлтанның хандықтағы орнын айғақтап тұр. Күшек сұлтан ел арасында Қайнар Күшек деген атпен белгілі. Алаш Орда Өкіметінің төрағасы, Ресей мемлекеттік думасының депутаты Әлихан Бөкейхановтың арғы аталары. Қалай, неден қайтыс болғандығы туралы дерек жоқ.

Алдыңғы ақпарат

ОНДАН СҰЛТАН

Келесі ақпарат

ҚАСЫМ СҰЛТАН АБЫЛАЙ ХАН ҰЛЫ