18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай Түркістан қаласындағы №28-ші мектеп-лицейінде «Түркістан жауһарлары» атты көрме лекция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында музей қызметкерлері мектеп оқушыларына презентация арқылы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты Түркістан өлкесіндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалуы, сақталуы жайлы лекция оқылып, музей қорындағы құнды жәдігерлерден құралған көрмемен таныстырды.
№28-ші мектеп-лицейде «Түркістан жауһарлары» атты көрме лекция ұйымдастырылды
![](http://azretsultan.kz/wp-content/uploads/2022/11/277787437_2197505957072707_7567330634434878926_n.jpg)