«Жүз жыл жырлаған жүрек» атты көрме ашылды

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейі» КММ-сі «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени музей-қорық мұражайында «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты көрме ұйымдастырды. Көрме экспозициясында ақынның өмірі мен шығармашылығынан мол мәлімет беретін экспонаттар: ақынның өзі ұстаған домбырасы, Мәскеу қаласына сапар кезінде киген шапаны, телефон аппараты, сонымен қатар елімізге белгілі суретшілердің туындылары және тағы басқа да құнды музей экспонаттары көпшіліктің назарына ұсынылды. Көрмені ұйымдастырудағы мақсат: жас ұрпаққа ақынның мұрасын насихаттау, музей қорындағы жәдігерлерді елге таныстыру және патриоттық сезім ұялату. Көрме экспозициясында қойылатын экспонаттар саны – 90 с.б. құрайды.
Көрме 2022 жылдың 11-13 сәуір күндері аралығында жұмыс жасайды.
Барлық қала қонақтары мен тұрғындарын көрмені тамашалауға шақырамыз
Алдыңғы ақпарат

Аманат партиясының атқарушы хатшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасады

Келесі ақпарат

№28-ші мектеп-лицейде «Түркістан жауһарлары» атты көрме лекция ұйымдастырылды