• 30 Қыркүйек 2020

12 өңірде мұрағаттау орталығын ашу жоспарлануда

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Цифрлық Фабрика» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (бұдан әрі — Жоба) бастамашылық еткені туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері және бюджеттен сұралатын төлемдер

«Цифрлық Фабрика» жобасының мақсаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының мұрағат құжаттарын дайындауды, сканерлеуді, сандық форматқа көшіруді ұйымдастыру; мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік мұрағаттардың ақпаратын жедел пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Жобаны іске асыру орны:Қазақстан Республикасы, 12 өңір (13 нысан):

  • Алматы Қаласы
  • Алматы облысы
  • Ақмола облысы
  • Атырау облысы
  • Жамбыл облысы
  • Қарағанды облысы
  • Қостанай облысы
  • Қызылорда облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Павлодар облысы
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Түркістан облысы

12 өңірде мұрағаттау орталықтарын (13 мұрағаттау орталықтарын) ашу жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында мұрағаттау орталықтарын ашу қажеттілігі жобаға енгізілген мемлекеттік мұрағаттардың елдің бүкіл аумағында орналасуымен байланысты.

Жоба аясында 8 457 жаңа жұмыс орны ашылады, оның ішінде 850 орын мүгедектерге, қалғандары еңбекке жарамды атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін.

Жоба Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты ақпараттық жүйесін әзірлеуді көздейтін қолданыстағы жобаны қолдау және дамыту шеңберінде көзделеді.

Жобаны іске асыру кезеңі:

жобаны іске асырудың басталуы — 2020 жылғы мамыр айы;

жобаны іске асырудың аяқталуы — 2025 жылдың наурыз айы.

Бюджеттен сұралатын төлемдер

Жобаның жалпы құны 96 120 000 мың теңгені (тоқсан алты миллиард жүз жиырма миллион) теңгені (ҚҚС-сыз) құрайды. Бюджеттен төлемдер цифрлау қызметтері үшін жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік қолдау шаралары

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі

Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілік

Жоба аясында Қазақстан Республикасының 1,6 млрд бет көлемінде ұлттық мұрағат қорын цифрлау жоспарланып отыр.

Жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей жобаға тиістілігі

Жобаның техникалық күрделі немесе бірегей тиістілігі жоқ.

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жеке серіктестер жоспарланып отырған жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы баламалы ұсыныстар бере алады.

Әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар:

  • «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болу;
  • құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке (жеке кәсіпкер үшін) ие болу;
  • төлем қабілеттілігі бар, салық берешегі жоқ болу;
  • мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;
  • банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он процентінен асатын оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы;
  • заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін, жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп тану туралы жауапкершілікке тартылмауы тиіс.

Қағиданың 135-тармағына сәйкес баламалы ұсыныстар келесі ақпаратты қамтуы тиіс:

  • әлеуетті жекеше әріптестің атауы мен мекенжайы;
  • мемлекеттік тиесілігі ( заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);
  • әлеуетті жекеше әріптесті білдіретін заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және тұлғалар туралы деректер;
  • Қағидалардың 128-тармағына сәйкес әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі объектіге қатысты меншік немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығын не зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелеріне айрықша құқығын растайтын құжаттар;
  • әлеуетті жекеше әріптестің зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың болуы туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның растама хаты;
  • Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес құрылым бойынша әзірленген МЖӘ жобасына бизнес-жоспар. Бұл ретте МЖӘ жобасының қаржылық-экономикалық моделін МЖӘ жобасының бастамашысы әзірлейді және МЖӘ жобасына бизнес-жоспар құрамында ұсынылады;
  • Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар.
  • жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім МЖӘ шартын жасасуға оферта болып табылады.

Баламалы ұсынысты ұсынудың соңғы мерзімі

Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

Ақпарат алмасуға арналған байланыс мәліметтері:

Баламалы ұсыныстар жазбаша түрде келесі мекен-жай бойынша тапсырылады:

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс,

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі» ММ

тел.: (7172) 74 04 78, 74 91 55

Байланыс үшін: Гүлзира     Елібайқызы Қарсақбаева

Эл. пошта:  upr.arhiv_203@mail.ru

Алдыңғы ақпарат

ТҮРКІСТАН ӨЛКЕСІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Келесі ақпарат

Қазақ тілін үйрететін портал іске қосылды