Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің бұйрығымен Сұлтан Мұратбекұлы Темірлан «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының әкімшілік-шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының бүгін өткен аппарат жиналысында музей-қорық директоры Ерлан Дәкенов жаңа орынбасары С.М.Темірланды көпшілікке таныстырды.
Сұлтан Мұратбекұлы Темірлан бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Корпоративтік басқару департаменті Мемлекеттік активтермен жұмыс және корпоративтік басқаруды дамыту басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.








