МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ-ҚОРЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

«Музей түні — 2025» мерекелік шарасы аясында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында түрлі ауқымды шаралар ұйымдастырылды.

Мерекелік шараны музей-қорық директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Тастанбеков ашып, кәсіби мерекемен музей-қорық ұжымын құттықтап, музейлердің маңызын атап көрсетті.

Музей-қорық келушілеріне
– Ясауи жайлы аңыздар;
– Көне Түркістан ескерткіштеріне экскурсия;
– Балалар көзқарасымен Түркістан көрмесі;
– Сыртқы жазуларға саяхат және «Ясауи ізімен» квест;
– Қыш күйдіру, теңге соғу, зергерлік шеберлік;
– «Жаңарған жәдігерлер» көрмесі;
– Шеберлік сабақтар, викториналар мен байқаулар секілді мерекелік бағдарлама ұсынылды.

“Жас реставратор”, “Жас археолог” және “Жас экскурсовод” үйірмелерінің қатысушылары марапатталды. Бір уақытта Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, “Сирек жәдігерлер музейі”, “Қылует жер асты мешіті музейі” және “Ясауи музейінде” келушілерге танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Қазынаны тап», «Кім мерген?», «Ойлан, тап!» секілді зияткерлік ойындарға музейге келушілер белсенді қатысты. Қатысушылар «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы тарапынан марапатталып, баспа өнімдерін иеленді.

«Музейге сый» акциясы аясында музей-қорық жанашырлары көненің көзі заттарын музей-қорыққа сый ретінде табыстады.

Алдыңғы ақпарат

Мемлекеттік кеңесші «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер» атты халықаралық симпозиумға қатысты

Келесі ақпарат

Девин ДеУис Ясауи музейінде: ілім мен руханият жөніндегі сұхбат