
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы Дуньхуан академиясымен ынтымақтастық орнатты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қытай Халық Республикасының Дуньхуан қаласында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Нұрлан Дүкенбаев пен Сәулет және реставрация бөлімінің басшысы Сәдуақас Агитаев «Қытай мен Орталық Азия арасындағы Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын қорғау» тақырыбындағы халықаралық семинарға қатысты.

Халықаралық семинар аясында Нұрлан Дүкенбаев Дуньхуан академиясының басшылығымен кездесіп, мәдени мұраны сақтау мен зерттеу бағытындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Дуньхуан академиясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Келісімнің негізгі мақсаты – мәдени мұраны қорғау, ғылыми зерттеулер жүргізу, мамандар даярлау және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттарында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді әріптестікті орнату.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.