МАҢЫЗДЫ :

nothing found

БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

⚜️ БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ
🔹 «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан өңіріндегі киелі орындардың бірі – Үкаша ата кесенесі мен құдығына арналған баспасөз туры өтті.
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер, музей және мәдениет саласының мамандары қатысты. Баспасөз турының негізгі мақсаты – Үкаша ата кесенесі мен құдығының тарихи-мәдени және рухани мәнін кеңінен таныстыру, нысан туралы шынайы ақпарат тарату, сондай-ақ оның ішкі және рухани туризмді дамытудағы маңызын көрсету.
🔹 Баспасөз турына қатысушылар алдымен Үкаша ата кесенесіне барып, баба рухына Құран бағыштады. Бұдан кейін қасиетті құдыққа ат басын бұрып, арнайы ұйымдастырылған шараға қатысты.
Шараны «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкенов ашып, Үкаша ата кесенесі мен құдығының тарихи-мәдени мұра ретіндегі маңызына және ішкі туризмді дамытудағы әлеуетіне тоқталды.
Жиында философия және теология ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, «Ясауитану» ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы және орталықтың аға ғылыми қызметкері Ұлықбек Жүнісбаев сөз сөйлеп, Үкаша ата тұлғасының қазақ руханиятындағы орны, оған қатысты тарихи жазба деректер мен халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер жөнінде құнды мәліметтер ұсынды. Мамандар арнайы пікір алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, киелі нысанның ғылыми және рухани қырларына қатысты ойларын ортаға салды.
🔹 Шараның соңында қатысушылар Үкаша ата құдығын тамашалап, ғасырлар бойы халық арасында қалыптасқан – құдыққа шелек тастау дәстүрімен танысты.
Азамат Әлібек, баспасөз хатшысы.

Алдыңғы ақпарат

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығы Дуньхуан академиясымен ынтымақтастық орнатты

Келесі ақпарат

РЕСТАВРАЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ