ЖАППАС, ҚҰРМАНАЙ ТҰРДЫҚҰЛ БИ ҚОЖАМҚҰЛҰЛЫ (ҚҰРМАНТАЙҰЛЫ) (1894–1895 жж.)

Кіші жүз-Байұлы-Жаппас-Шылауын-

Құсмұрын-Дәнсары-Қаракөз-Құрманай.

(Қазақ шежіресі.- Алматы, 1994.- 151 б.)

Жаппас Тұрдықұл би Қожамқұлұлының (Құрмантайұлы) құлпытасы №905 а,б нөмерімен қорық-музей қорында сақталған. Құлпытастағы жазуды араб тілінен  1978–1982 жылдары аударған шығыстанушы-ғалым Ә.Дербісәлиев. Құлпытастағы жазу «… Құлла ұлы… бұл құлпытас Жұбан ұлы Тұрдықұл… 1313 хижра жылы» 1884 жыл. «… Құрмантай ұлы Тәліп Тұрдықұл Жаппас руынан» – деп көрсетілген. Ал араб, парсы тілінің мамандары Б.М. Бабаджанов, А.К. Муминов, З. Жандарбековтің аудармасында «Ұрығы Жафас (Жаппас) Құрманай тайпасы, Тұрдықұл би Қожамқұл баласы. Қойғызушы Тұрдықұл баласы Жұман хиджра жыл санауы бойынша 1313 ж.» – біздің жыл санауымыз бойынша 1895 жыл. Тұяқбаев М. «Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар», Алматы 2000 ж.,75 б. («Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің ғылыми зерттеу бөлімі архивінен) Тұлғаның қайтыс болған жылын анықтауда Ә. Дербісәлиев қателескен, дұрысы 1894–1895 жж. Негізгі араб, парсы тілінің мамандары Б.М.Бабаджанов, А.К. Муминов, З. Жандарбековтің аудармасы дұрыс, дегенмен, Жаппас Қыдырбайдан тарайтын он екі ата Байұлының сегізіншісі, оның бесінші ұрпағы Құрманай ру, ал, Жаппас Кіші жүздің бір тайпасы, яғни, Байұлының бір атасы, «Ұрығы Жафас (Жаппас)» деуі сондықтан.

Алдыңғы ақпарат

ҒАШЫҚ ЖҮСІП АТА ЖАЙЛЫ АҢЫЗ-ӘПСАНАЛАР

Келесі ақпарат

МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ БАЛБАЛ ТАСТАР