⚜️Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
🔹«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Ерлан Дәкеновтің Түркия Республикасына жұмыс сапары барысында Түркия Діни істер қорының Ислам зерттеулері орталығы (ИСАМ) вице-президенті, доцент, доктор Яшар Чолакпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
🔹Кездесуде меморандум аясында бірлескен ғылыми жобалар, музей ғалымдарының тәжірибе алмасу экспедицияларына қатысуы, халықаралық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ИСАМ-ның қысқа мерзімді халықаралық ғылыми жобаларына музей мамандарын тарту мүмкіндігі қарастырылды.
🔹Сапар барысында Ислам зерттеулері орталығының кітапхана және құжаттама директоры Мұстафа Бирол Үлкер музей-қорық басшылығын кітапхана қорымен таныстырды.
А.Әлібек, баспасөз хатшысы.











