МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ЯСАУИ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Бүгін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылының жалпы орта мектебінде «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімі» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – облыс төңірегінде орналасқан білім беру ұйымдарымен ғылыми-шығармашылық байланысты жандандырып, сол арқылы музей мен оқушы арасындағы мәдени-ақпараттық қатынасты нығайту. Сондай-ақ, Ұлы бабамыздың мұраларын дәріптеп, жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды мейірбандылық пен отансүйгіштікке баулу.
Аталған мектептің 7-10 сынып оқушылары мен ұзтаздары қатысқан шарада музей- қорықтың ғылыми қызметкері Ұ.Жүнісбаев Ясауи мұрасының жастар тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталса, экскурсовод Г.Атабаева Ясауи кесенесі және ортағасырлық бірегей жәдігерлер – қасиетті тайқазан, лауха мен шырағдандардың жасалу тарихы туралы тың ақпараттарымен бөлісті.
Шараға жиналған көпшілік көне қаламыздың тарихи мұралары жөнінде сондай-ақ, түркі руханиятының темірқазығы – Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың өнегелі өмірі мен тамаша туындылары туралы құнды мәліметтер тыңдады.
Жиын соңы сұрақ-жауапқа ұласып, оқушылар көрме барысында өздерін қызықтырған көкейкесті сауалдарға лайықты жауаптарын алды.
Алдыңғы ақпарат

Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың жаңа шежіресі табылды

Келесі ақпарат

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ