МАҢЫЗДЫ :

nothing found

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Әзірет Сұлтан» музей-қорығы жыл басынан бері жоспарға сәйкес, Түркістан облысына қарасты орта мектептерде «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімі» тақырыбында жылжымалы көрмелер өткізіп келеді. Сондай-ақ жекелеген мектеп басшыларының өтінішіне орай, көшпелі көрмені жоспардан тыс ұйымдастыруға да тура келуде.
Мәселен, 16 қаңтар күні Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылының орта мектебінде жоспардан тыс көрме өткізсек, дәл сондай шараны бүгін Кентау қаласында орналасқан Ататүрік атындағы №4 мектеп-лицейінде де өткізіп қайттық.
Аталған көрме күллі Түркі халықтарының рухани ұлы ұстазы болған – Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеп, Ұлы баба өнегесімен оқушыларды адамгершілік пен мейірбандылыққа, елжандылық пен ізгілікке баулуды мақсат тұтады.
6-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысқан көрмеге Ясауи бабамыздың «Диуани Хикмет» қолжазба кітабы, көреген Әмір Темір бабамыз кесенеге сыйға тартқан шырағдандардың фотосуреттері мен музей қорында сақталған археологиялық жәдігерлері шығарылып,оқушылар назарына ұсынылды.
Оқушыларға музей-қорықтың экскурсоводы Г.Атабаева көне Түркістан қаласының тарихы мен Ясауи мұрасы жөнінде баяндаса, Ф.Шаймерден кесененің құрылысы мен ондағы эпиграфикалық мәтіндердің мәні, сондай-ақ шырағдан, тайқазан секілді жауһар жәдігерлеріміз туралы құнды ақпаратпен бөлісті.
Шараға жиналған көпшілік шежірелі Түркістанның тарихи мұралары жөнінде сондай-ақ, ұлт руханиятының ұстыны – Әзірет Сұлтан бабамыздың ғибратты ғұмыры мен теңдессіз шығармалары жайлы мол мағлұмат алып қайтты…
Алдыңғы ақпарат

ЯСАУИ МҰРАСЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Келесі ақпарат

ҮШ ЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ