«ТЕҢГЕЛЕР СЫР ШЕРТЕДІ»

15 қараша ұлттық валюта — теңге күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Теңгелер сыр шертеді» тақырыбында көрме өтеді. Көрме, Қазақ жеріндегі ақша айналымынан сыр шертетін жәдігерлер мен музей қорында сақтауға алынған тәуелсіз Қазақстанның төл теңгелерінің үлгілерінен тұратын негізгі екі бөлімнен тұрады. Олар, ішінара 8 бөлімшелерге бөлінген.
Көрмеге Түркістан қаласының тарихынан сыр шертетін көне тиындар мен қазіргі таңда әлемдегі жалғыз ғана үлгісі белгілі болып отырған Шыңғыс хан атымен Самарқанда соғылған алтын динар және Қазақ хандығына қатысты, бүгінгі таңға дейін белгісіз болып келген тың жаңалық — Жәңгір хан атымен соғылған мыс ақшаны да ұсынамыз.
Сонымен қатар, Түркістан тарихында орын алған елеулі тарихи жағдайларға, оқиғаларға қатысты тың деректермен қанықтыратын археологиялық- нумизматикалық материалдар, 1993 жылы шығарылған Егемен Қазақстанның төл валютасы -теңгелердің алғашқы нұсқалары мен Қазақстан Ұлттық банкі тарапынан үздіксіз шығарылып отыратын коллекциялық монеталар мен купюралар назаларыңызға ұсынылатын болады.
Көрменің мақсаты: қазақ жерінде ерте кезеңдерде айналымда болған ақшалардан бастап, тәуелсіздігіміздің жаршысы болған теңгелердің 1993 жылғы үлгілері мен бүгінгі таңға дейінгі тарихынан хабар беру арқылы теңгенің ел тәуелсіздігі мен экономикалық дамуындағы маңызын ашып көрсету.
Көрме 11 қараша күні ашылып, бір ай бойы келушілерге қызмет көрсететін болады.
Орны: «Әзірет Сұлтан» музей- қорығының әскери казарма ғимараты.
Басталу уақыты: 11.00-де.
Баршаңызды көрмені тамашалауға шақырамыз.
Алдыңғы ақпарат

Қазақстан Үкіметі Алтын Орда бойынша ғылыми және мәдени жобаларға қолдау көрсетеді

Келесі ақпарат

Ақтау қаласы «Білім иновация» лицейінің 10-сынып оқушылары Түркістанға зияраттап келді