Ақтау қаласы «Білім иновация» лицейінің 10-сынып оқушылары Түркістанға зияраттап келді

Сонау қияндағы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Білім иновация» лицейінің 10-сынып оқушылары Түркістанға зияраттап келіпті. Олар «Әзірет Сұлтан» музей-қорығына қарасты Укаша атаға да зиярат жасады. Зиярат етіп қана қоймай, кесене аумағын тазартуға көмектесіп, үлкен сауапты іс атқарды. Музей-қорық қызметкерлері оларға зиярат әдептері мен Укаша-атаның хикаясын айтып берді және қызметтеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
Зияраттарың қабыл, мұраттарың асыл болсын, маңғыстаулық бауырлар!
Алдыңғы ақпарат

«ТЕҢГЕЛЕР СЫР ШЕРТЕДІ»

Келесі ақпарат

Дәурен Абаев: Архив ісі саласында бірнеше жоба жүзеге асады