• 27 Сентябрь 2022

«Тәуелсіздік және Түркістан» атты жылжымалы көрме-лекция өткізілді

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Сауран ауданы, Қызыл Әскер атындағы жалпы орта мектебінде «Тәуелсіздік және Түркістан» тақырыбында жылжымалы көрме-лекция өткізілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында атқарылған еңбектер мен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттауды мақсат еткен көрмеде Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ортағасырлық тарихи жәдігерлер жайлы мағлұматтар беріліп, деректі, мазмұны терең құнды кітаптар таныстырылды.

Көрмеге мектеп әкімшілігі мен ұстаздар және оқушылар қатысты.

Басқосу барысында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Т.Оразов «Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз», экскурсовод Қ.Нұрахметова  «Тәуелсіздік-ел тұғыры» тақырыбында лекция оқып, оқушыларға Тәуелсіздік пен Түркістан ұғымдарының кешегі, бүгінгі және болашақтағы маңызы туралы әңгімеледі.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

Алдыңғы ақпарат

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ — ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАСЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

Келесі ақпарат

Қорық-музей басшысы Түркістан қалалық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.