Қорық-музей басшысы Түркістан қалалық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетовті 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Түркістан қаласындағы «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасында қалалық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетовтің 80 жасқа толған мерейтойына орай салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Айтулы шараға қатысқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директорының міндетін атқарушы Ерсін Тәжібаев ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың құттықтау хатын оқып берді.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жанашыры ретінде көрсеткен қамқорлығы мен тығыз қарым-қатынасы үшін музей ұжымы атынан да алғыс айтқан Ерсін Ботабайұлы қазыналы қария Жарқынбек Құлбайымбетұлына арнайы сый-сипат табыс етті.

Алдыңғы ақпарат

«Тәуелсіздік және Түркістан» атты жылжымалы көрме-лекция өткізілді

Келесі ақпарат

Елдіктің жеті тұғыры: «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі мен зиялы қауым өкілдері тарихи-танымдық жобалар жасайды