МАҢЫЗДЫ :

nothing found

«Тәуелсіздік рухы және жастар: музей кеңістігіндегі көзқарастар» атты музейлік сабақ өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығында «Музей педагогикасы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік рухы және жастар: музей кеңістігіндегі көзқарастар» тақырыбында музейлік сабақ өтті. Іс-шараға «Түркістан жоғары көпсалалы қол өнер» колледжінің студенттері қатысты.

Сабақ барысында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы, сол кезеңдегі жастардың ерлігі мен азаматтық ұстанымы кеңінен сөз болып, бұл оқиғаның Қазақстан тәуелсіздігінің бастауына айналған шешуші кезең екені атап өтілді. Сонымен қатар, 1990–1991 жылдар аралығында егемендікке қол жеткізу жолындағы маңызды саяси үдерістерге – Президенттік институттың енгізілуіне, Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына, алғашқы жалпыхалықтық президенттік сайлаудың өтуіне және 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануына ерекше назар аударылды.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде студенттер «Егеменді Қазақстан музейі: жастардың көзімен» тақырыбында постерлік жобалар әзірлеп, өз идеяларын қорғады. Бұл шығармашылық формат жастардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, командалық жұмыс мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Музейлік сабақ музейдің ұлттық тарихты сақтаудағы, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттаудағы және жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие берудегі маңызды рөлін айқын көрсетті.

Г.Атабаева, ғылыми қызметкер.

Алдыңғы ақпарат

Йасауийа тариқаты және XVII ғасырдың Орталық Азиядағы парсы агиографияси: ‘Алим Шайх ‘Алийабади және оның «Ламахат мин нафахат алқудс» еңбегі

Келесі ақпарат

Мәскеуге жұмыс сапары: реставрация саласындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту