Биыл 28 тамызда мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл толады. Осы мерейтой аясында Түркістан қаласында 2026 жылғы 10–12 ақпан күндері «Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының» ұйымдастыруымен «Рух сардары» атты көшпелі көрмесі өтеді.
Көрмеде Өзбекәлі Жәнібекұлы негізін қалаған Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының қорындағы құнды жәдігерлер мен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұсынған бірегей экспонаттар қойылады.
Экспозицияның басты ерекшелігі – мерейтойлық датаға сай 95 жәдігердің ұсынылуы. Олардың қатарында қайраткердің жеке мұрағат материалдары, архивтік фотосуреттері мен құжаттары, ұлттық киім үлгілері және этнографиялық бұйымдар бар.
- Өтетін күндері: 10–12 ақпан
- Уақыты: 11:00
- Мекенжайы: Әмір Темір көшесі, 53/А








