2012 жылы Шаян ауылының тұрғыны Құрысай деген мекеннен табылған ақша көмбесін музей қорына өткізген болатын. Көмбе 450 дана тиындардан тұрады. Тиындарды тексеру барысында оларды жасырарда құмыра ішіне май жағып салғандығы анықталды. Осыған байланысты тиындар жақсы сақталған. Көмбеге тазарту жұмыстарын жүргізгеннен соң тиындардың жартысына жуығының беттерінде күміс қабаттарының қалдықтары бар екендігі анықталды. Көмбе құрамы біртекті, көлемі 39-43 мм. салмақтары 5,3-11 г. аралығындағы дирхемдерден тұрады. Көмбе құрамы ХІІІ ғ. екінші және үшінші ширектерінде (1248-1265 жж. аралығы) тек бір типте және бір құндылықта соғылып отырған Отырардың күмістелген дирхемдерінен тұрады.
Сақталу жағдайлары орташа. Беттеріндегі жазбалар куфи үлгісінде түсірілген. Барлық дирхемдер беттеріндегі негізгі алаңдағы жазбалар бірдей. Дирхемдердің көпшілігінде соғылған жылдық жазбаларының тек бір бөлігі немесе үзінділері ғана сақталған.
Дирхемдер бір типті болғанымен тип ішінде өзара элементтік айырмашылықтар арқылы ерекшеленеді. Ең алғашқы айырмашылық ол- خانى (хани) немесе منكو خانى (Менгу хани) түріндегі дирхем эпитеттерінің жазбалары. Олардан бөлек, элементтік әшекейлер айырмашылықтары дирхем беттеріндегі негізгі жазбалардың оң немесе сол тараптарына түсіріліп отырған элементтік әшекейлерден көрініс тапқан. Отырар дирхемдері беттерінде бұл элементтік әшекейлерге негізделген айырмашылықтар мынадай үлгілерде кезедеседі:
Әшекей элементтерінің түрлері | ||
р/н | Әшекей элементтері (тиынның оң және сол жақ бөліктерінде) | Текстте аталуы |
1 | О-О | Үлкен шеңберлер |
2
|
о
О о |
Үш нүкте |
3 | о-о | Кіші шеңберлер |
4 | § | параграф |
5 | يرلي | йарлы |
6 | اربع | Арба (төрт) |
Отырар ақша сарайында күмістелген мыс дирхемдерді хижраның 646-шы жылынан 663 х.ж. дейін (1248-1265 жж.) 17 жыл көлемінде соғылып отырған.