
«Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге»

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Ясауи музейінде «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» атты мәдени іс-шара өтті.

Шараға Түркістан қаласындағы мектептердің әкімшілік өкілдері мен педагогтер қатысып, музейдің мәдени-ағартушылық жобаларымен танысты. Музей-қорық директорының орынбасары Сұлтан Темірлан белсенді мектеп директорларына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

Кездесу барысында бірқатар ұстаз «Ясауитану клубына» қабылданып, қонақтарға музей бойынша шолу экскурсиясы ұйымдастырылды. «Ясауитану» ғылыми орталығы кітапханасының ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті. Сондай-ақ балалар шығармашылығының көрмелері ұсынылды.

Іс-шара музей мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, тарихи-мәдени мұраны білім беру үдерісінде насихаттауға бағытталды.
Азамат Әлібек,баспасөз хатшысы.