Шығармашыл оқушылар арасындағы «Түркістан және тарихи тұлғалар» республикалық байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК-нің ұйымдастыруымен оқушылар арасында  «Түркістан және тарихи тұлғалар» атты әдеби-өлкелік-тарихи республикалық байқауы өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу, ұлан-ғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастырған батыр бабаларымыздың қайсар мінезін ту ету, солар аманат етіп қалдырған қасиетті атамекеннің тарихын, мәдениетін тануға ықпал ету.

Байқаудың шарттары

Байқауға қатысушы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің әлеуметтік желі парақшаларына тіркелуі қажет;

http://azretsultan.kz/ ресми сайты

https://www.facebook.com/museumazretsultan/,

https://www.instagram.com/muzei_azretsultan/,

https://twitter.com/ .

Кесенеде жерленген тұлғалар мен тарихи жерлер (хан-сұлтан, би-батыр, игі жақсылар,  қорық-музейге қарасты жерасты қылуеті, Әбілмәмбет хан ордасы, Шығыс моншасы,  Гаухар ана, Үкаша ата, Күлтөбе, Сауран қалашықтары мен Құмшық ата жерасты мешіті, т.б. тарихи орындары) туралы  кез-келген бір тақырыпты  таңдап алып (қазақ немесе орыс тілінде), шығармашылық танымы, көзқарасын төл туындылары арқылы жеткізуі тиіс.

Сайысқа 8-16 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.

Сайысқа қатысушылардың жұмыстары  музейдің ресми сайты мен әлеуметтік желі парақшаларында жарияланып, оқырман назарына ұсынылады (шығармаға қатысты оқырмандардың қызығушылығы мен  пікірлері де назарға алынады).

Жас ерекшеліктері 3 топ бойынша анықталады:

8-10(жас аралығы) кіші топ;

11-13 (жас аралығы) ортанғы топ;

14-16(жас аралығы) жоғарғы топ.

Байқауға қатысушылардың өтінімдері мен шығармашылық жұмыстары 2019 жылғы 10 маусым — 22 шілде аралығында қабылданады.

Конкурстың тақырыптары

  • «Түркістан және тарихи тұлғалар» тақырыбына сурет салу (А3 форматында);
  • «Түркістан және тарихи тұлғалар» тақырыбына ертегі немесе шығарма (ертегі А4 форматында 2 беттен аспауы тиіс);
  • «Түркістан және тарихи тұлғалар» тақырыбына өлең.

Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың шығармаларын іріктеп, арнайы орындар мен  номинациялар тағайындайды.

Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом және қаржылай сыйлықтар табысталады

  • Бас жүлде – 1.
  • Әр жанр бойынша жас ерекшеліктеріне сәйкес — 1 жеңімпаздан анықталады.

Сайыстың қорытындысы қыркүйек айының 16-шы жұлдызында мекеменің ресми сайты және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Конкурс туралы толық ақпарат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи- мәдени қорық-музейінің  ресми сайтында http://azretsultan.kz/ жарияланған.

Үміткер байқауға қатысу туралы  өтінім мен шығармаларды төменде көрсетілген мекен-жайға хат немесе электронды түрде «Түркістан және тарихи тұлғалар» сайысына деген жазумен  жолдай алады.

     Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы 282А

     Қосымша ақпарат  үшін байланыс телефондары:

Тел./факс: 8 (72533) 3-23-00, +7775-840-20-03

 

АНКЕТА

Қатысушының аты-жөні:
Мекен-жайы: (Облыс,қала, аудан, көш.)
Мектебі:
Жасы:
Байланыс телефоны:
Электронды мекен-жайы:
Туу туралы куәлігінің көшірмесі

 

Алдыңғы ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КЕЛУШІЛЕР ТАРИХИ ФИЛЬМДЕРДІ ДЕ ТАМАШАЛАУДА

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде саяси қуғын — сүргін құрбандарына арналған көрме ашылды