РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, К.Тіленшин атындағы жалпы орта мектебінде «Музей қорындағы Қожа Ахмет Ясауи мұралары» тақырыбында көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрме экспозициясына 60-тан астам жәдігерлер қойылды.
Көрмені К.Тіленшин атындағы жалпы орта мектебінің 6-11 сынып оқушылары, ұстаздары тамашалады. Көрме экскурсиясын кіші ғылыми қызметкер Т.Оразов жүргізді. Шара аясында мектептің мәжіліс залына жиналған оқушылар мен ұстаздарға Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығы, ортағасырлық жауһар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ондағы сақталған жәдігерлерге байланысты ғылыми қызметкер С.Шәметов дәріс өткізіп, көрме жәдігерлері мен музей тақырыптарына байланысты оқушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізді.
Іс шара соңында оқушылардан көптеген ұсыныстар қабылданып, нәтижесінде мектеп әкімшілігі алдағы уақытта музей әкімшілігімен бірлесе отырып, Түркістанға арнайы экскурсиялық маршрут өткізуге уағдаласты. Мектеп басшылығы музей-қорық ұжымына көрме және арнайы дәріс ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Қожа Ахмет Ясауи мұрасымен сусындаған оқушылар естелік фотосуреттерге түсіп, жақсы көңіл күймен тарасты.
Алдыңғы ақпарат

«Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

Келесі ақпарат

Республика күні мерекесіне орай салтанатты жиын болып өтті