«Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

23 қазан күні ҚР Ұлттық музейінде «Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ғалымдар мен мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
​ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев: «Мыңжылдықтар тоғысындағы Түркістан» көрмесі еліміздегі бас ұлттық мереке Республика күніне арнайы тұспа-тұс ұйымдастырылып отыр. Себебі еліміздің елдігі мен егемендігінің мәдени тарихы осындай мұралардан бастау алды. Халқымыз үшін мәні мен мағынасы терең іс-шараға келген қонақтарымызға алғысымды білдіремін».
Көрме экспозициясы 3 бөлімнен тұрады: «Тарихы терең Түркістан», «Түркістан – Түркі әлемінің рухани орталығы», «Жошы Ұлысынан (Ұлық Ұлыс) Қазақ хандығына дейін».
Экспозицияның негізін «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының қорларынан алынған археологиялық қазба экспонаттары (қару-жарақ, керамика өнімдері, тиындар, зергерлік бұйымдар және т.б.), архивтік құжаттар, фото- және бейнематериалдар, ежелгі авторлардың философия, математика, физика бойынша бірегей ғылыми еңбектері мен әдеби туындылар құрайды. Жалпы жәдігер саны – 127. Көрме Ұлттық музейдің 6 қабатындағы Уақытша көрме залында орналасқан.
Алдыңғы ақпарат

АРҒЫН ӘНЕТ БАБА КІШІКҰЛЫ

Келесі ақпарат

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ