ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қорық-музеймен танысты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында қорық-музейдің қызметкері Ардақ Бейсенова Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ортағасырлық тарихи орындар және мұраларды таныстырып, мағлұмат берді.

Айта кетсек, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің негізі 1978 жылы Республикалық Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты музейі болып қаланған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің негізінде құрылған музей 300-ге жуық жәдігермен ғана құрылған болса, қазіргі таңда 26 мыңға жуық қор жинақталған.

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің құрамында 99 тарихи-мәдени ескерткіш есепке алынған. Оның ішінде бір ескерткіш — ортағасырлық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі халықаралық  маңызға ие. Сондай-ақ, 21 ескерткіш республикалық, 7 ескерткіш жергілікті маңызы бар ескерткіштер санатына енсе, 70 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған.

Алдыңғы ақпарат

«Сынап көзе» дегеніміз не?

Келесі ақпарат

КУББА. ХІХ ғ.