КУББА. ХІХ ғ.

Өлшемі:  һ-37,5см; d-түб-1,2см. Кубба-деп, күмбездің ұштарына  орнататын шошақтарды айтады. Кубба құмыра пішінделіп іші қуыс, түбі тегіс болып  қыштан жасалған. Мойын тұсына үш қатар бедерленген өрнектер түскен. Сырты толық жасыл түсті  шыңылтырмен қапталған. Куббаның төменгі жағына төртбұрыш пішінді, бір-біріне қарама-қарсы беттерінде  бір-бірімен байланысып тұрған екі тесігі бар. Бұлар  куббаны кешен күмбезінің төбесіне бекітіп орналастыруға арналған. Кубба көбінесе діни және сәулеттік құрылысқа тән. Куббалардың пішіндері көбіне құмыра тәрізденіп  келетіндіктен сәулет өнерінде арнайы құрылыстық  әшекейдің бір бөлшегі ретінде қарастырылған. Оны  керамикадан, ағаштан, немесе металлдан  жасайтын болған. Қубба сөзінің  мағынасы әртүрлі болып келеді. Мысалы, «куббабарг» деп ыдыстардың түп-табандары мен бүйір тұстарын  шығыңқы, томпақ немесе дөңестендіріп  әшекейлеулерін атаған. «Куббамаходилә – ыдыстың күмбез тәріздес   дөңес қақпағы, «куббанақшә деп–шығыңқы өрнектер, рельефті өрнектері бар мыс ыдыстарды атаған. Сондай ақ, сопылық Бекташия  бауырластығының  дәруіштерінің  бас қиімдерінің яғни, қалпақтарының жоғарғы бөлігі «куббе» деп аталып, «Куббе» сөзі қалпақтың  дөңестелген ортасы дегенде мағына береді екен. Белгілі тарихшы археолог М.Қожа «Қубба» арабтың «гумбаз» деген сөзін білдіретіндігін алға тартады. Сонымен, «кубба» деген сөз бірнеше түрлі мағынада  қолданылатыны белгілі болды.  Кубба  музей қорына 1980 ж. қабылданған, Алматы қаласы жобалау институтының архитекторы А.А. Проскурин өткізген.  Кесене аймағынан табылған.

Алдыңғы ақпарат

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қорық-музеймен танысты

Келесі ақпарат

Қорық-музей мамандары ортағасырлық қабірхана есігінің реставрация жұмысына қатысуда