ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ РУХАНИ МҰРАЛАРЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ

Биыл «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының құрылғанына 45 жыл толып отыр. Осыған орай, қала мектептерінде көшпелі көрмелер, кездесулер, дәрістер ұйымдастыру жұмыстары жалғасын табуда.

2023 жылдың 17 қараша күні М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебінде «Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұралары» тақырыбында көшпелі көрме, лекция ұйымдастырылды.

Көрме – қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың рухани мұраларын насихаттау,  Ұлы баба өнегесімен оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке және елдік санаға баулуды мақсат тұтады.

Көрме экспозициясына Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабының ХХ ғасырдың басында Қазан, Тәшкент, Стамбул  баспаларынан шыққан нұсқалары, кесененің бірегей фотосуреттері,  Әмір Темір сыйға тартқан шырағданның ХІХ ғасырда түсірген фотосуреттері, музей қорында сақталған этнографиялық жәдігерлер оқушылар назарына ұсынылды.

Оқушыларға «Түркістан өңіріндегі тарихи ескерткіштер» тақырыбында музей-қорықтың инспекторы С.Салходжаев дәріс өткізсе, музейдің кіші ғылыми қызметкері Т.Оразов көрме экспозциясына қойылған жәдігерлерімен оқушыларды жан-жақты таныстырып, Ұлы бабаның өмірі мен мұрасына қатысты тақырыпта экскурсия өткізді.

Жыл соңына дейін қаладағы мектептер мен орта арнаулы оқу орындарында осындай игілікті шаралар жалғасын табатын болады.

Алдыңғы ақпарат

БҮГІН КЕНЕСАРЫ ХАННЫҢ ҚҰРАНЫН ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНЕ САЛТАНАТТЫ ТАБЫСТАУ РӘСІМІ БОЛЫП ӨТТІ

Келесі ақпарат

ҒАШЫҚ ЖҮСІП АТА ЖАЙЛЫ АҢЫЗ-ӘПСАНАЛАР