Оқушылар тарихтың алтын мұраларымен танысты

Оқушылардың жаңа толқыны «Әзірет Сұлтан» музей-қорығында сақталған тарихтың алтын мұраларымен танысты. Бұл жолы көрме Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімі «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінде» өтті. Бұл музейдің мектептерге шығып жатқан бірінші көрмесі емес, әйтсе де, біздің жәдігерлер технология, салт-дәстүр, медицинаға арналған көрмелердің қатарында, тарихи танымдылығымен айрықша көзге түсіп, көрермендерден жоғары баға алды. Жыл сайын әртүрлі мектептерде өтетін «Ашық есік» күні атымен белгілі іс-шараның тақырыбы – «Құндылықтар негізінде балаларды тәрбиелеуде мектептің рөлі».
Экспонаттармен танысқан оқытушы және де оқушылардың айтуынша, жәдігерлер мен оның артында тұрған терең тарихқа үңілу, оларға ұмытылмас әсер қалдырды. Осы орайда, жәдігерлерді таныстырып, олардың көпшілікке беймәлім және де қызықты тарихын баян еткен ғылыми қызметкерлер – Оразов Талғат пен Байсеит Сұлтан. Іс-шараны өткізушілердің сөзінше көрменің басты мақсаты – болашақ ұрпақты тарих, медицина, инженерия, информатика тәрізді ешуақытта өзектілігін жоғалтпайтын мамандықтарға баулып, қызығушылық тудыру.
Алдыңғы ақпарат

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл: Астанада Гала-концерт өтті

Келесі ақпарат

ШӘМЕТ ИШАН МЕШІТ-МЕДРЕСЕСІ