Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл: Астанада Гала-концерт өтті

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған Гала-концертке қатысты.

Іс — шараның басты жұлдыздары әлемдік деңгейдегі өнерпаздар — португалдық опера әншісі Сюзана Гашпар, сондай-ақ опера сахнасының белгілі майталмандары — Мария Мудряк пен Медет Шотабаев болды.
Еуропалық Одақтың елшісі Кестутис Янкаускас 30 жыл ішінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара қарым-қатынас жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Сонымен қатар мәдениет саласындағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайту жалғасады.
Гала — концерт бағдарламасында А.Жұбановтың «Айттым сәлем, Қаламқас», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» және т. б. музыкалық туындылар ұсынылды.
Алдыңғы ақпарат

Қылует жерасты мешіттерінің құрылуында ғар бөлмелерінің маңызы

Келесі ақпарат

Оқушылар тарихтың алтын мұраларымен танысты