2025 жылдың 16 желтоқсан күні «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Өзбекстан Республикасы мәдени мұрасы агенттігінің «Қоқанд» Мемлекеттік музей-қорығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталған келісім аясында тараптар музей-қорықтардың қызметін дамыту, тарихи-мәдени мұраны сақтау және ғылыми тұрғыда зерттеу, көрмелер, мәдени іс-шаралар мен бірлескен жобаларды ұйымдастыру, мамандар арасында тәжірибе алмасу және т.б. бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.
Бұл меморандум екі бауырлас халықтың ортақ тарихи мұрасын сақтауға, музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған.
К.Есжанова, халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер.










