МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Бүгін «Мәдениет, ақпарат, спорт және туризм кәсіптік одағы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының төрағасы Б.Пірімбетов бірқатар мәдениет саласының қызметкерлеріне Құрмет грамотасын табыстады.
Шара барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп зейнеткерлік демалысына шыққан М.Абдикадировтың иығына шапан шауып, алғысын білдірсе, қорық-музейдің қор сақтаушысы Ә.Егеубаеваға да Құрмет грамотасын табыс етті.
«Мәдениет, ақпарат, спорт және туризм кәсіптік одағы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс жиналысы барысында Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен кәсіп одақтың алдағы уақытта атқаратын жұмыстары талқыланды.

 

Алдыңғы ақпарат

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ ЖЕРЛЕНГЕН СЫҒАЙ ХАН ЖАЙЫНДА

Келесі ақпарат

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласына іссапармен келді.