МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК қызметкерлері арасында шахмат, дойбыдан спорттық сайыс өтті.
Еліміздегі бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, мекеме қызметкерлерінің интеллектуалдық танымын арттыру және бұқаралық спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қорық-музейдің 20 — 63 жас аралығындағы қызметкерлері қатысты.
Спорттық жарысқа қорық-музейдің жауапты қызметкерлері және қалалық Балалар мен жасөспірімдер орталығының шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмесінің мамандары қазылық жасады.
Алдыңғы ақпарат

ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНДЕ МУЗЕЙЛЕНДІРІЛГЕН КІТАПХАНА БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Келесі ақпарат

СПОРТТЫҚ САЙЫСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ