2025 жылдың 23 желтоқсан күні Ясауи музейінің акт залында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қатысқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тақырыбында маңызды іс-шара өтті.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оларды жүйелі түрде талдау және алдын алу шараларын күшейту болды. Жиынға музей-қорықтың құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері қатысып, қызмет барысында туындауы мүмкін тәуекелдер жан-жақты қарастырылды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері таныстырылып, анықталған кемшіліктер мен тәуекел факторлары бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде заң талаптарын қатаң ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиынның соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, ішкі бақылау тетіктерін нығайту және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі атап өтілді.












