Құман, ХХ ғ.

«Әзірет Сұлтан» қорық музейінің қорында ХVІІІ-ХХ ғасырларға  тән құмандардың жиырмадан аса түрі бар. Бұлардың ішіндегі өзіндік әсемдігімен  көздің жауын алатын  ерекше құманның бірі мыстан жасалған Құман. Құман қолға су құюға арналған, шойыннан, мыстан жасалатын тұтқалы, қақпақты, шүмекті сопақша ыдыс.  Құманның өлшемі: һ-37  d- 50,5 см. Құман шар пішінді, кеңдеу ұзын мойны бар,  майысқан ұзын шүмегінің аузы ромб пішінді болып біткен және жүзік іспеттес болып қоршалған екі жапырағы бар. Әсемделген тұтқасының  төбесіне дөңесі бар қақпақ топса арқылы бекітілген. Құманның денесі сегіз қырмен бөлінген, әрқайсысына ортасында ромб формалы медальондар жоғарылау айналдыра толқын тәріздес дөңестері бар, әр жерінде өсімдік тәріздес өрнектер. Шығыс ұсталарының еңбегі. Құман 1978 ж Түркістан қалалық партия комитетінің ықпалымен халықтан жәдігер жинаған кезде қабылданған.   Құман  сөзін «قمغان » Махмұд әл-Қашқари «Диуани Лұғат ат-Түрк» атты еңбегінде  «Құмыра, бутыл яғни шыныдан жасалған ыдыс» деп көрсетеді. Парсы тілінде Хум деген сөзден шыққан, құман хумның көпше түрі. Араб тілінде шарап, сусын құятын ыдыс деген сөзді білдіреді.

Алдыңғы ақпарат

Үкаша ата кесенесі мен құдығы аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді

Келесі ақпарат

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды