Мәдениет, архив және баспа ісі салаларына арналған кеңейтілген алқа отырысы

Бүгін Астанадағы «Қазмедиа орталығында» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет, архив және баспа ісі салаларына арналған кеңейтілген алқа отырысы» болып өтті. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары А.С.Көлгіновтың қатысуымен өткен алқалы жиынды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов ашып, жүргізіп отырды.
Мәдениет саласын дамытудың негізгі бағыттары мен 2023 жыл атқарылатын жұмыстардың жоспары туралы министр А.Оралов алқаға қатысушыларға баяндап берді. Ал вице-министр Н.Дәуешев 2022 жыл атқарылған жұмыстар жөнінде есепті баяндама жасады.
Жиында әр саланың өзекті мәселелері қозғалып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Министрліктің кеңейтілген алқа отырысына «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының директоры М.Садықбеков қатысты.
Алдыңғы ақпарат

2022 ЖЫЛЫ 7000 ТАРИХИ ҚҰЖАТ ШЕТЕЛДЕН ОТАНЫНА ҚАЙТАРЫЛДЫ — АСХАТ ОРАЛОВ

Келесі ақпарат

Мәдениет, архив және баспа ісі мәселелері бойынша алқа отырысы: 2022 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2023 жылға арналған жоспарлар туралы