МАҢЫЗДЫ :

nothing found

КИЕЛІ ТҮРКІСТАННЫҢ ТАЛАНТТЫ ПЕРЗЕНТІ

Бүгін «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен XIX ғ. тарихи ескерткіш «Жұма мешіті» музейінде сатира сардары, ақын – Мұратбек Дүйсембековтің туғанына 65 жыл толуына орай жасақталған көрменің салтантты ашылу рәсімі өтті.

Аталған шараның мақсаты — аққан жұлдыздай болып өмірден ерте кеткен дарынды жерлесіміз әрі мақтанышымыз, сондай-ақ музей қызметкері Мұратбек ағаның келешек жас ұрпақ алдындағы өнегелі өмірін мәңгілікке сақтау.

Бүгінгі шараға Мұратбек Дүйсембековтың көзкөрген замандас- әріптестері, үзеңгілес достары, жұбайы, ұл-қыздары, музей басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Көрмені «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев ашып, ақын Мұратбек Дүйсембековтың Республикалық Қожа Ахмет Ясауи кесенесі сәулет ғимараты музейінде 1985-1988 жылдар аралығында ғылыми қызметкер болып жұмыс істегендігін айтты. Ал, ақынның зайыбы Гүлжан Елібайқызы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық музей-қорығының ұжымына аталған көрмені ашып жатқандығына алғыс білдірді. Сонымен қатар, ХҚТУ профессоры Үміт Мелдеханова және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Әтіркүл Ташимова Мұратбек Дүйсембеков жайлы құнды естеліктерімен бөлісті.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, филология факультетінің студенттері және ақынның немересі Зерекұлы Бекасыл ақын шығармаларынан үзінді оқып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Келушілерді музей-қорықтың білікті экскурсовод маманы Бейсенова Ардақ көрмемен таныстырды. Көрме экспозиция 1 ай келушілерге ұсынылатын болады.

Алдыңғы ақпарат

ӘУЛИЕЛЕРДІҢ ЖАНАШЫРЫ

Келесі ақпарат

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ХАНАКАЛАР ҚЫЗМЕТІ